Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты құттықтады
![Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты құттықтады](https://ugandagazetesi.com/wp-content/uploads/2024/02/Қасым-Жомарт-Тоқаев-Тамаш-Шуйокты-құттықтады.jpg)
Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты құттықтады
2024 жылғы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Тамаш Шуйокты Мажарстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.
✉️ Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты құттықтады
🔗https://t.co/yt7UxEVSRS pic.twitter.com/nd2F4wIzNs
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) February 28, 2024
– Сіздің орасан зор саяси тәжірибеңіз бен алға қойған тың жоспарларыңыз еліңіздің болашағын жарқын етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеуде мызғымас негіз болатынына нық сенімдімін. Тамыры тереңнен бастау алатын Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Мажарстан Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мажар халқына құт-береке тіледі.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-tamash-shuyokty-kuttyktady-2813426